Қоғам

Нұр-Сұлтанда киберқауіпсіздік жаттығуы өз мәресіне жетті

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуСтрочки с цифрами на экранах компьютера и ноутбука
Строчки с цифрами на экранах компьютера и ноутбука - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқу-жаттығу нәтижесінде, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелер анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. 6-12 желтоқсан аралығында ұлттық қауіпсіздік комитеті мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі бірлесіп "Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020" оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

"Қазақстан киберқалқаны" техникалық жүйелерінің тиімділігін тексеру мақсатында ұйымдастырылған шарада жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына ден қою әзірлігінің деңгейі де айқындалды.

Оқи отырыңыз: Әбдіқалықов қауіпсіздік сертификаты жайлы: мұны қазақтар ойлап тапқан жоқ

"Киберқауіпсіздік Нұр-Сұлтан – 2020" оқу-жаттығуының нәтижесінде, елдегі цифрлық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым саласын бойынша өңірлік аумақтардағы ақпараттық және кибершабуылдарға қарсы іс-қимыл бойынша бірегей тәжірибе алынды. Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі проблемалық мәселелер анықталды.

"Мемлекеттік органдардың инфрақұрылымы мен АКИАМО-ға кибершабуылдарды тергеп-тексеру шеңберінде жедел штаб іске қосылып, арнайы топ құрылды. Олар шартты заңбұзушыларды іздестіріп, киберқылмыстардың дәлелдеме базасын қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізді", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, заңға қайшы әрекеттерді анықтаумен екі "кибержиһадшыны" ұстау бойынша іс-шаралар жүргізілді. Ал БАҚ-та материалдар мен оқу бейнефильмін дайындау үшін ұстау, тінту, заттай дәлелдемелерді жинау мен құқықбұзушылардан жауап алу барысы фото, шартты бейнетүсірілімдермен сүйемелденді. 

Жаңалықтар
0