Инфографика

ЕАЭО-ға мүшелік Қазақстанға не берді?

Жазылу
2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойылды, ол 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енді. Sputnik ЕАЭО-ға мүшелік Қазақстанға қандай пайда әкелгені туралы инфографика ұсынады

ЕАЭО капиталы негізінде елдегі кәсіпорындар саны айтарлықтай артты. Мысалы, 2015 жылы 6 мың кәсіпорын болса, 2020 жылы бұл көрсеткіш екі есе артты, яғни, 12 мыңға жетті.

ЕАЭО-ға мүше болудың негізгі артықшылығы:

  • бірыңғай қызметтер нарығы;
  • Қазақстан үшін ашылған тұтыну нарығы 184 миллион адамды құрайды;
  • ЕАЭО елдеріне жеткізілім 33%-ке өсті;
  • азаматтар ЕАЭО елдерінде жеңілдікпен жұмысқа орналасады;
  • бірыңғай кеден кеңістігі.

1994 жылы еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзара тиімді экономикалық ынтымақтастық негізінде мемлекеттердің Еуразиялық одағын құру идеясын ұсынған еді. Елбасы бұл ұсынысты М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде сөз сөйлеген кезде айтты.

Он жылдан кейін 2014 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойылды. Интеграциялық бірлестік оның құрамына кіретін Ресей, Қазақстан, Армения, Қырғызстан және Беларусь арасындағы экономикалық байланысты жандандырды.

Өзбекстан, Молдова және Куба ұйымның бақылаушылары болды.

ЕАЭО-ның Сингапур, Вьетнам және Сербиямен еркін сауда аймақтары бар.

Сондай-ақ Қытаймен сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім, Иранмен еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісім бар.

Жаңалықтар
0