Қоғам

Тоқаев үш қала мен облыс әкімдерін Ақордаға жинады

© Официальный сайт Президента Казахстана / GANI UMIRBEKOVТокаев собрал акимов областей и мегаполисов в Акорде
Токаев собрал акимов областей и мегаполисов в Акорде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент әкімдерге аймақтарды дамытудың, халықтың тұрмысын жақсартудың өзекті мәселелерін шұғыл шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдерімен кеңес өткізді, деп хабарлады Ақорда. 

Жиында өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму және мемлекеттік бағдарламалардың орындалу мәселелері талқыланды.

Президент бұған дейін берілген тапсырмалардың атқарылуы жайында әкімдердің есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың басшыларына пандемия жағдайында халықтың қажеттілігін қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Дағдарыс ұзаққа созылады - Тоқаев

Жиын соңында мемлекет басшысы әкімдерге аймақтарды дамытудың, халықтың тұрмысын жақсартудың өзекті мәселелерін шұғыл шешу, сондай-ақ, жұмыспен қамту жол картасын тиісті деңгейде жүзеге асыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0