НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған Франция президенті Эмманюэль Макронның тезірек сауығып кетуін тіледі.
"Президент Эмманюэль Макронға тезірек сауығып, Францияның игілігі жолындағы белсенді қызметін жалғастыруына тілектеспін. Халықаралық қауымдастық күш-жігер біріктіре отырып, коронавирус індетін еңсереді деп сенемін!", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Оқи отырыңыз: Дональд Трамп коронавирус жұқтырып, карантинге кетті
Франция президенті Эмманюэль Макронның коронавирус жұқтырғанын әлемдік БАҚ кеше, 17 желтоқсанда хабарлады. Макрон кем дегенде бір апта өзін-өзі оқшаулауға кетеді. Осы уақыт ішінде президент қашықтан жұмыс істейді.