Әлем

Ресейлік десантшылар қандай қарумен жабдықталып жатыр

© ИА Новости-Казахстан, Болат ШайхиновБТР
БТР - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік десантшылар өздігінен жүретін 2С42 "Лотос" артиллериялық қаруын қабылдауға дайындалып жатыр. Машина қабылдау-тапсыру сынақтарынан өтіп, барлық жарияланған тактикалық-техникалық сипаттамаларын растады

Полигонда "Лотос" еш ақаусыз 400 шақырымды жүріп өтіп, штаттық 120 миллиметрлік қарудан 14 рет оқ атты. Келесі кезең - жыл соңына дейін басталатын алдын-ала сынақтар, деп жазады РИА Новости. 

Российские многофункциональные истребители пятого поколения Су-57 на воздушном параде Победы в Москве - Sputnik Қазақстан
Су-57 және С-70: жаңа ресейлік қару-жарақтың ерекшелігі неде?
Өздігінен жүретін қару алғаш рет ел назарына 2017 жылы ұсынылғанымен жоба 2009 жылы басталған болатын. Құрастырушылар десантшылар үшін "Спрут-СДМ1" танкіге қарсы зеңбірегінің базасында "Зауралец" атты 152 миллиметрлі артиллериялық кешенін әзірлеуді жоспарлаған болатын. Алайда, қуаты іршама төмен, бірақ, мобильділігі жоғары әрі жеңіл машинаға басымдық берілді.

Уақыт өте келе "Лотос" 1970 жылдардың соңында әскерді қаруландыруға қабылданған "Нона"артиллериялық-минометтік қондырғысының орнын алмастырады. Соғыс машинасының салмағы 18 тоннадан аспайды. Ал, 450 ат күшін құрайтын қуаты бар дизелдік қозғалтқыш оны тас жолда сағатына 70 километрге дейін жүйткіте алады. Қосымша жүріс қоры – 500 километр. Десантшылардың басқа да техникалары секілді "Лотос" жүзе алады және бірнеше метрге дейінгі тереңдіктегі су кедергілерін еш қиындықсыз еңсере алады.

Әзірлеушілер экипаждың қауіпсіздігіне, бірінші кезекте дәдігі жоғары қарудан қорғануға ерекше назар аударды. Броньдалуы жеңілдетілген: машина корпусы ірі калибрлі пулеметтің оқ атуы мен сынықтарындың тиюіне төтеп бере алады. Периметр бойынша қарсыластың танкіге қарсы қару-жарақ жүйелерін бағыттауының "Лотостың" сәулеленуін анықтайтын лазерлік индикаторлар орналасқан.

Бұл ақылды қорғаныш. Алынған ақпарат автоматты түрде аэрозольді гранаталарды іске қосу қондырғыларына жөнелтіліп, олар сәулелену көзіне бағытталады да, оқ ату орындалады.

Алдыңғы үлгіге қарағанда бұл жолы соққы жасау мүмкіндіктері айтарлықтай күшейтілді. Мұнарасы автоматтандырылған жауынгерлік бөлім іспеттес. Қару қашықтықтан басқарылады. Сілтеуір жүргізуші механикпен бірге машинаның алдыңғы тұсына орналасқан. Ал, экипаж командирі мен оқ атушы мұнарада орналасқан. Тікұшақтан десант түсіру экпиаждың барлық мүшелерімен бірге орындалу мүмкіндігі тағы бір ерекшелігі болып табылады.

Премьер-министр РФ М. Мишустин встретился с премьер-министром Казахстана А. Маминым - Sputnik Қазақстан
Экономика
Қазақстан  мен Ресей премьерлері өнеркәсіп саласындағы жобаларды талқылады
"Лотос" оқ-дәрі жинағы "Нонаға" қарағанда екі есе көп. Шамамен 55 оқ атуды қамтиды. Ұңғының ұзындығы мен тұмсықты тежегіштің арқасында оқ атудың тиімді ұзақтығы 13 шақырымға жетеді. Алайда, әзірлеушілердің айтуынша, арнайы жоспарлаушы оқ-дәрі 20 шақырымға дейін ұша алады.

Әскери сарапшы Алексей Леонков заманауи байланыс құралдарының арқасында өздігінен жүретін жаңа қарулы көлікті әскерді басқарудың автоматтандырылған жүйесіне оңай біріктіруге болатынын атап өтті.

"Алдағы мақсаттар туралы ақпаратты экипаж жердегі оқ атуды реттеушілерден немесе ұшқышсыз ұшу аппараттарынан алады, - деді сарапшы. – Қарсыластың қорғаныш нысандарын дәл жоюға мүмкіндік беретін барлау-соққы жасау аумағы түзіледі. Бұл өте маңызды. Әрі соғыс кезінде үлкен басымдық береді. Әсіресе, оқ-дәрі шектелу болып, қарсыластың тылындағы операциялары кезінде маңызды".

"Лотос" әуе-десанттық күштер үшін арнайы әзірленген жалғыз жаңашылдық емес. Жақын жылдары бұл әскер заманауи қарулармен жабдықталатын болады. Оның үстіне, көптеген үлгілердің мүмкіндіктері кеңейтілген.

Мысалы, екі жылдан кейін "Спрут-СДМ1" жүзуші танкісінің мемлекеттік сынақтары аяқталады. 125 миллиметрлік артиллериялық-зымырандық кешен жауынгерлік қуаты бойынша Т-80 мен Т-90 негізгі соғыс танкілерінен еш кем түспейді.

"Спруттарды" плацдармдарды қорғаудың қуатты құралы ретінде, қарсылас тылына күшейтілген рейд жүргізуге және жорық кезінде жеңіл броньдалған машиналар легін күзету үшін қолдану жоспарланып отыр.

Лаборатория, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
СІМ Қазақстан биологиялық қару әзірлейді деген ақпаратқа түсініктеме берді
"Ықтимал қарсылас зақымдаудың жаңа құралдарымен қаруланып жатыр. Оның үстіне, мобильдік бөлімшелерге басымдық беріліп отыр, - деді Леонков. НАТО-ның жеңіл броньдалған техникасы бүгінде ірі калибрлі автоматты зеңбіректермен жиі жабдықталуда. Сондықтан, соғыс міндеттерін бұрынғы қалыпта орындау біз үшін өзімізді өзіміз жоюмен тең болар еді".

Соңғы уақытта әуе-десанттық күштерде толыққанды танкілік бөлімшелер құрылып жатыр. Батыста мұндай бөлімшелер аэромобильдік деп аталады. Негізінен, өткен жылы үш десанттық қосылыстар құрамында Т-72Б3 танкілері бар батальондар пайда болды. Алдағы жылдары әуе-десанттық күштердің тағы бес бөлімшесі ауыр соғыс техникасымен жабдықталады.

Сарапшылардың пікірінше, танкілер "қанатты жаяу әскердің" соққы жасау қуатын айтарлықтай арттырады. Әрі десе, бұл кез-келген қақтығыста соғыс міндеттерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Жаңалықтар
0