Экономика

Дағдарыс ұзаққа созылады - Тоқаев

© Официальный сайт Президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев
Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті қазіргі дағдарыс жағдайында ТМД-дағы әріптестерін өзара сауда мәселелерін жылдамдатып шешуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында өзара сауда-саттықты одан әрі ырықтандыру, кедергілер мен шектеулерді реттеу жөніндегі жұмыстарды жандандыруды ұсынды.

Тоқаев өз сөзінде қазіргі дағдарыстың анағұрлым ұзаққа созылатынын және қиынға соғатынын атап өтті.

"Осы жағдайда біздің негізгі басымдығымыз – әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты сақтау, халықтың табыс деңгейін және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету. Бірақ бұған сауда-экономикалық қатынастардың барлық кешенін қайта жаңғыртпай, қол жеткізу мүмкін емес. Өзара сауда-саттықты одан әрі ырықтандыру, кедергілер мен шектеулерді реттеу жөніндегі жұмыстарды жандандыру қажет.", - деді Тоқаев ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысында.

Оның айтуынша, инвестиция тартуға, көлік-транзит әлеуетін тиімді пайдалануға, өнеркәсіптік кооперацияны тереңдетуге, өңірлер арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға баса мән беру керек. 

"Бүгін біз ТМД-ны әрі қарай дамыту бойынша жаңартылған тұжырымдаманы қабылдаймыз. Бұл құжат біздің ынтымақтастығымыздың алдағы уақыттағы стратегиялық бағыттарын айқындайды", - деді президент.

Оқи отырыңыз: Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцина қашан шығарыла бастайтынын айтты

Мемлекет басшысы қызмет көрсетудің еркін саудасы туралы келісімді және оның әр мемлекетке нақты пайда әкелетін инвестициялар жөніндегі негізгі бөлімін келісуді аяқтаудың маңыздылығына назар аударды.

Жаңалықтар
0