Өңірлер

Қазақстанның бір қаласында карантин ұзартылды

© AP Photo / Andy WongҚыз маска ұстап тұр, архивтегі сурет
Қыз маска ұстап тұр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирустың таралуының алдын алу үшін карантин және шектеу шаралары 11 қаңтарға дейін ұзартылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Шымкент қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Түлебаев шектеу шараларын ұзарту туралы шешім қабылдады. Бүгін, 17 желтоқсанда жаңа қаулы жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"COVID-19 жұқтырғандар тіркелуінің жалғасуына, вирусты пневмония ауруының өсуіне байланысты және халық арасында коронавирус инфекциясының таралуын алдын алу мақсатында Шымкент қаласының аумағында 2020 жылдың 21 желтоқсаны сағат 00:00-ден бастап 2021 жылдың 11 қаңтары сағат 00:00-ге дейін карантин және шектеу шаралары ұзартылсын", - делінген қаулыда.

Осыған орай, қала тұрғындары мен қонақтарына адам көп жиналатын шараларды (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, құдалық, той, беташар және тағы басқа отбасылық шараларды) өткізуге тыйым салынған.

65 жастан асқан адамдарға қалада жүруіне шектеу енгізілген.

Бетперде тағу, ара қашықтық сақтау және антисептик қолдану бойынша қатап тәртіп сақталуы шарт.

Жаңа қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

Жаңалықтар
0