Оқиға

Алматыда бір күнде 100 мың теңге таппақ болған ер адам түрмеден бір-ақ шықты

© Photo : polisia.kzПолиция Алматы раскрыла заказной поджог автомобиля
Полиция Алматы раскрыла заказной поджог автомобиля - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті 100 мың теңге уәде еткен өзінің танысы, 1959 жылы туған азаматтың тапсырысын орындағанын мойындады

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Алматы полициясы көлікті тапсырыспен өртеген адамды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыс 14 желтоқсанға қараған түні Шагабутдинов көшесінде орналасқан үйлердің бірінің ауласында жасалған. Қаскүнем  1952 жылы туған К.есімді азаматтың "Subaru" автокөлігін өртеп жіберген. Көлік құралының өртенуі салдарынан ешкім зардап шекпеді.

"Бұл қылмысты ашу үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылды, оның құрамына қалалық криминалдық полиция да кірді. Жедел және арнайы іс-шаралар кешені нәтижесінде 1983 жылы туған күдікті анықталып, қамауға алынды", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.  

Күдікті осы жұмысы үшін 100 мың теңге уәде еткен өзінің танысы, 1959 жылы туған М. деген азаматтың тапсырысын орындағанын мойындады.

Оқи отырыңыз: Ақтауда екі қыздың біртүрлі әрекеті видеоға түсіп қалды 

"Өртке тапсырыс беруші де дереу ұсталды. Оның автокөлік иесімен бірнеше рет жанжалдасып қалғаны, осы жеке бас араздығы қылмысқа түрткі болғаны анықталды", – деп түйіндеді Әбдірахманов.

Спикердің айтуынша, екі күдікті де Қазақстанның Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Жаңалықтар
0