Видео

Владимир Путиннің жыл сайынғы баспасөз мәслихаты –  трансляция

Жазылу
Биыл Ресей президентінің жыл сайынғы дәстүрлі баспасөз мәслихаты жаңа форматта өтіп жатыр. Бұл коронавирустың таралуына жол бермеу үшін қабылданған қатаң санитарлық талаптармен байланысты

Халықаралық сауда орталығына шақырылған ресейлік және шетелдік басылымдар журналистеріне плакаттар мен транспаранттар ұстауға тыйым салынады.

Залға кіретін журналистер саны да шектеулі. Егер өткен жолғы кездесуге БАҚ-тың 1985 өкілі қатысса, биыл ара қашықтықты сақтау үшін небәрі 247 журналист шақырылған.

Қалғандары үшін Санкт-Петербургтен Владивостокқа дейін – елдің сегіз ірі қаласында арнайы алаң ұйымдастырылды.

Ал президент Путиннің өзі сұрақтарға Ново-Огареводағы резиденциясында жауап береді.

Жаңалықтар
0