Өңірлер

Ағасымен ренжісіп қалған: Сарыағашта жоғалып кеткен 13 жастағы қыз табылды

CC0 / Iva Balk / Спиннер в руках у девушки
Спиннер в руках у девушки - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, білуі мүмкін деген достарынан сұрастырды

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері үйінен шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 13 жастағы қызды тапты.  

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне түнгі сағат 23:00 шамасында жергілікті тұрғын көмек сұрап келген.

"Әйел өз арызында кешкі сағат 17:30-дарда қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткенін көрсеткен. Ол алдымен жасөспірімді өз бетінше іздеген", - деп хабарлады Polisia.kz.

Полицейлер ақпарат алысымен бірден іздестіру жұмыстарына кірісті. Көрген-білгендерден жауап алып, халық көп шоғырланған аймақтарда сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларына бағытнамалар жіберілді.

Тәртіп сақшылары жоғалған қызды тез арада табу мақсатында такси жүргізушілерінен, білуі мүмкін деген достарынан сұрастырды. Соның нәтижесінде тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, ол орталық мешіттің жанынан табылды.

Тексеру барысында ағасымен ренжісіп қалған қыз үйінен шығып кетіп, мешітте түнегені белгілі болды.

Қатты тоңып, ашығып қалған: Түркістан облысында екі бала далада адасып кетті

Қазіргі таңда жасөспірім қыз анасына аман-есен табысталды.   

"Қызым белгісіз себептермен үйден шығып кеткен болатын. Өзім іздестіріп таба алмаған соң полиция қызметкелерінен көмек сұрадым. Сарыағаштық полицейлер жедел іздестіріп, қызымды тауып берді. Полицейлерге алғысымды айтамын!, – деп қыздың анасы ризашылығын білдірді.

Жаңалықтар
0