Мәдениет

Димаш Құдайберген сөзін Назарбаев жазған әнді орындап берді – видео

Жазылу
Кеше, 16 желтоқсанда жарияланған видео бір тәуліктің ішінде 100 мыңнан астам рет қаралған, әннің сөзін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жазды

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Тәуелсіздік күніне орай  "Елім менің" әнін орындап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"16 желтоқсан – бабаларымыз сан мыңдаған жылдар бойы армандаған Тәуелсіздік күні. Ұрпақ үшін маңызды осынау мерекемен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын. Берекесі мен бірлігі жарасқан еліміздің аспанында көк байрағымыз мәңгілік желбіресін!", - деп жазды Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұл әннің сөзін Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев жазды. Композиторы – Бекболат Тілеухан.

Тәуелсіздік сарайында Димашпен бірге ондаған музыкант пен хор әртістері өнер көрсетті. Кеше жарияланған видео бір тәуліктің ішінде 100 мыңнан астам рет қаралған.

Жаңалықтар
0