Аңдатпа

Қазақстанда 17 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Photo : сайт акимата столицыВ парке имени Ататюрка появится искусственная горка для катания на лыжах и сноуборде
В парке имени Ататюрка появится искусственная горка для катания на лыжах и сноуборде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 17-31 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

19 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында "Отбасылық жеңіс" онлайн сайысы. Командада үш адам болады: ата-ана мен бала. Әкесі кеудені жерден көтеру жаттығуын жасайды. Анасы шалқалап жатып, денесін көтере отырып, жаттығу орындайды, аяғы 90 градусқа бүгіледі. Бала отырып тұру жаттығуын жасайды. Жалпы сайыс уақыты – 3 минут. Жеңімпаздар дипломмен және медальмен марапатталады (Тіркелу +7 701 909 66 77, +7 747 054 59 00).   

Нұр-Сұлтан

"Рождество шұғыласы" концерті. Бағдарламаны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хоры ұсынады. Еуропа композиторларының жаңажылдық шығармалары орындалады ("Астана Опера" театры).

20 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

20.00 – Ninety One тобының online-шоуы. Топ Taboo трегін алғаш рет "Ирина Кайратовнамен" бірге орындайды (https://stream.juzent.com/events/online-concerts сілтемесі арқылы тіркеу керек).  

Nur-Sultan snowpark ашылуы. Ататүрік саябағында шаңғы және сноубордқа арналған жасанды төбешік жасалады. Құрылыстың жалпы ауданы 720 шаршы метрден асады. Төбешіктің ұзындығы – 40 м, ені –18 м.

21 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Аяз ата қолғаптары" жаңа жылдық қойылымы (Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры).

22 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

10.00 - 18.00 - Бос орындар жәрмеңкесі. Өтетін орны: Керей, Жәнібек хандар көшесі, "SAMAL" бизнес орталығы, 4-қабат, Tokyo кабинеті, тел. 8 778 406 62 79

23 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

АЛМАТЫ

18:00 - Mozart for Christmas концерті. "Жас сахна" театры. Өтетін орны: Абай даңғылы, 117 (Әуезов және Жароков көшелерінің қиылысы, "Жанна" сауда үйі) Театр кассасы: +7 (727) 259 65 98, +7 (776) 711 78 78 

31 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

12.00 – "Щелкунчик" балеті (балалар қойылымы). Қоюшы хореограф – КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Юрий Григорович. Сценографияны КСРО халық суретшісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Симона Вирсаладзе жасайды. Дирижер – Арман Оразғалиев ("Астана Опера" театры, Қонаев көшесі, 1).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0