Өңірлер

Жұрттың ашуын тудырған видео: маңғыстаулық жаттықтырушы мән-жайды түсіндірді

© Sputnik / Дмитрий Дмитриев / Медиабанкке өтуАрхивное фото школьного спортзала
Архивное фото школьного спортзала - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бапкердің айтуынша, сырт көзге қызды шапалақпен тартып жіберген сияқты көрінуі мүмкін, ал іс жүзінде олай болған жоқ

АЛМАТЫ, 16 желтоқсан – Sputnik. Маңғыстау облысының волейболдан қыздар құрамасының жаттықтырушысы Азамат Тұрмағамбетов қыздарды бетінен ұрып, басынан нұқып жатқан видеоға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Lada.kz басылымы жазды.

Жаттықтырушы видеодағы қыздардың Жаңаөзеннен келген волейбол командасының мүшесі екенін, олардың жақсы нәтиже мен спортта үлкен жетістікке жетіп жүргенін айтты.

"Сырттан қарағанда шапалақпен тартып жіберген сияқты көрінуі мүмкін, ал іс жүзінде олай болған жоқ. Алтыншы нөмірлі ойыншы сол команданың үздігі, мен өз әрекетіммен оны жігерлендіруге және бүкіл командаға күш беруге тырыстым. Менің іс-әрекетім сырт көзге ойыншыларға дөрекілік көрсетіп жатқан секілді көрінгені үшін кешірім сұраймын", - деді Азамат Тұрмағамбетов.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Жаңаөзен қаласының волейболдан қыздар құрамасының жаттықтырушысы топтағы бір қыздың бетінен ұрып, басынан нұқыған видео тарады. Оқиға 4 желтоқсанда Маңғыстау-5 ауылының спорт кешенінде болған.

 

Жаңалықтар
0