Саясат

Мәжіліс сайлауы: партиялардан теледебатқа кімдер қатысады

© Sputnik / Владислав ВодневОператор, архивтегі сурет
Оператор, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Парламент сайлауы алдындағы теледебат "Хабар" арнасында өтеді, әр партиядан бір қатысушы сөз сөйлейді

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы алдағы парламент сайлауына қатысатын партиялар үшін теледебаттың өтетін орны мен күнін белгіледі. Трансляция "Хабар" телеарнасында 30 желтоқсанға жоспарланған.

ОСК телевизиялық дебатты өткізу регламентін, сондай-ақ, олардың қатысушыларын анықтады. Саяси партиялар өз кандидатураларын бекітті.

  • "ADAL" саяси партиясынан – партияның саяси кеңесінің мүшесі Эльдар Жұмағазиев;
  • "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясынан – партия төрағасы Азат Перуашев;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясынан – партия төрағасы Әли Бектаев;
  • Қазақстанның халық партиясынан – партия төрағасы Айқын Қоңыров;
  • "Nur Otan" партиясынан – партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.

Қазақстандағы парламент сайлауы

Қазақстанда мәжіліс (парламенттің төменгі палатасы) және мәслихаттар сайлауы 2021 жылы 10 қаңтарда өтеді.

Алдағы сайлауда мәжілістегі орындарға бес партия таласады.

  • Nur Otan;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы;
  • Қазақстанның халық партиясы (бұрынғы коммунистер);
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы;
  • "Адал" партиясы.
Жаңалықтар
0