Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан полициясы астаналықтарға үндеу жасады

© Sputnik / Владислав ВодневАномальные снегопады в Нур-Султане
Аномальные снегопады в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер елорда тұрғындарын "шектеу шараларын сақтап, қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға және қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға" шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында Нұр-Сұлтан полициясы күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.  

Жаяу жасақтардың саны көбейтілді, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, заңсыз әрекеттерге жол бермеу үшін барлық шара қабылданды, деп хабарлады елорда полициясының баспасөз қызметі.

"Патрульдер көшелер мен көпқабатты үйлердің аулаларында ғана емес, ойын-сауық мекемелерінің аумағында және басқа да жаппай демалыс орындарында болады. Көшеде патрульдік қызмет жасақтарының жиілігі ұлғайтылды", - деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.  

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзудың алдын алу үшін тәртіп сақшылары жолдарда да көптеп жүреді.

Полиция қызметкерлері карантин шараларының сақталуын бақылай отырып, елорда аумағын күзетеді.  

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті  астаналықтарды "шектеу шараларын сақтап, қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға және қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауға" шақырды.

Жаңалықтар
0