Өңірлер

Министр Алматы тауындағы трагедияға қатысты толық ақпарат берді

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Шымкента / L.Ablanova(Shaposhnikova)Спасательная операция в горах Туркестанской области
Спасательная операция в горах Туркестанской области - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Төтенше жағдайлар министрі Алматы тауларындағы құтқару операциясы кезінде неліктен тікұшақ пайдаланылмағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин тауда адасып кеткен алматылық Ерман Бәйменовты құтқару кезінде тікұшақтың не себепті келмегенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Құтқарушылар келгенде ер адам тірі болған. Алайда дәрігерлерге жеткізілгенше көз жұмған.  

"Қазір бұқаралық ақпарат құралдары, әсіресе, блогерлер көп негативті ақпарат таратып, оны көрсе де, құтқармады деп жазып жатыр. Республикалық құтқару жасағы мен әкімдіктің құтқару қызметі кіретін шұғыл топ күні-түні жұмыс істеп, іздеу шараларын бір минутқа да тоқтатқан жоқ", - деді Ильин орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, оны ұялы телефонның соңғы геолокациясы анықталған жерден бір шақырым қашықтықтан тапқан.

"Ол құтқарушылардың дауысын, ал құтқарушылар оның дауысын естіген деген ақпаратты растай алмаймыз. Ерман Бәйменовты тапқанда жағдайы өте ауыр болған. Аяғы үсіп қалған. Тамыр соғысы әлсіз болған", - деп толықтырды министр.

Құтқарушылар оған бірден жылы киім кигізіп, арнайы зембілмен алып шыққан.

"Әуе техникасын неге пайдаланбаған?" деген сұрақ та қойылды. Біз екі күн ішінде бірнеше рет тікұшақтарды көтеруге тырыстық. Бірақ Қазгидиромет қоятын метеорологиялық талап бар. Біз бәріне ортақ әуе қауіпсіздігі ережелеріне бағынамыз. Содан "Қазаэронавигация" мекемесі "Қазавиақұтқару" тобына Алматы әуежайынан шығуға рұқсат бермеді. Жалпы, іздеу аймағында аспан жарым-жартылай ашық болған. Дегенмен тікұшақтарға қаладағы азаматтық авиация комитетінің бөлімшесі рұқсат береді. Ол күні Алматыда ауа райы бұлтты, тұманды болды, мұз қатты", - деп түсіндірді Ильин.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Оның сөзіне қарағанда, Ерман Бәйменовты кеше күндіз сағат 15:00-ге қарай тапқан. Құтқарушылар оны алдымен асуға дейін бір шақырым, одан кейін тағы үш шақырымдай қолмен көтеріп, дәрігерлер кезекшілік ететін жерге жеткізген.

"Өкінішке қарай, дәрігерлерге жеткенде мамандар оның қайтыс болғанын хабарлады. Осыған байланысты марқұмның туған-туыстарына тағы да көңіл айтамыз. Ал белсенді демалыс қалайтын алматылықтарға бағдарды алдын ала ойластыруға кеңес береміз. Сосын оны төтенше жағдайлар бөлімшесінде тіркеп алу қажет. Сонда құтқарушылар тауға кімнің және қандай бағдармен шыққанын біліп отырады", - дейді Ильин.

Жаңалықтар
0