Саясат

Елбасы Түркістан одағын құруға неге қарсы шыққанын түсіндірді

© Sputnik / Юрий Абрамочкин / Медиабанкке өтуПрезидент Казахстана Н.А. Назарбаев на переговорах о создании СНГ
Президент Казахстана Н.А. Назарбаев на переговорах о создании СНГ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркістан мемлекеттерінің одағы құрылғанда бұрынғы КСРО мемлекеттері бөлініп кететін еді, деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев

НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалай құрылғанын айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Елбасының айтуынша, КСРО ыдырағаннан кейін одақтас елдер өзара бірігетін формат іздеген. Сол кезде Борис Ельцин телефон шалып, кейбір құжаттарға қол қоюға шақырған. Бірақ Назарбаев одан бас тартты.

"Үйге келгеннен кейін Орталық Азиядағы көршілерімізге телефон шалдым. Олардың ішінде Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан мен Түрікменстан президенттері бар. Жиналып, жағдайды талқылау қажеттігін айттым. Не істейміз? Қалай әрекет етеміз? Содан Ашхабадта жиналуға келістік. 12 желтоқсанда бас қосып, күні бойы не істейтінімізді талқыладық. Үстел басында Түркістан одағын, Түркістан мемлекеттерінің одағын құру туралы ұсыныс та болды", - деді Назарбаев "Штрихи к портрету" деректі фильмінің екінші бөлімінде.

Оның пайымынша, Түркістан елдерінің одағы құрылғанда бұрынғы КСРО мемлекеттері этникалық сипатына қарай бөлініп кететін еді. Бір жақта – славяндар, екінші жағында – түркі тектес халықтар.  

Оқи отырыңыз: Назарбаев оппозиция туралы пікір білдірді 

"Мен олай болмайды дедім. Бәріміз талай жыл бірге тұрдық, басқа принциптер, басқа идеология, бір мемлекет, бір халық болдық. Егер олай істесек, түсінбестік туындайды, қақтығыс болуы мүмкін. Тіпті, әскери қақтығысқа да ұласуы ықтимал. Бәрін саналы түрде істейік дедім. Біз жиналып отырғанда Ельцин бірнеше рет қоңырау шалып, мәселенің мән-жайын сұрап отырды. Олар біздің қандай шешім қабылдайтынымызды білгісі келіп, қатты алаңдады", - деп атап өтті Назарбаев.

Содан барлығы Алматыда бас қосуға шешім қабылдады. Осы жерде Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы келісімге қол қойылды. Бірақ бұл құрылым тиімсіз болып шықты. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Еуразиялық экономикалық одақ құрылған болатын.

Жаңалықтар
0