НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек үш жарым жыл бойы тұңғыш президент хаттамасының жетекшісі лауазымындағы жұмысын еске түсірді.
Оның айтуынша, жұмыс барысында көптеген қиындықтарға тап болған.
Байбек Нұрсұлтан Назарбаев тәртіпке қатаң қарайтын, жауапты, барлық мәселені бүге-шүгесіне дейін зерттейтін адам екенін айтты.
"Маған бір материал берген болатын, оны Елбасыға тапсыруым тиіс еді. Мен құжаттарды берген кезде ол: "Мынау не?" деп сұрады. Мен: "Білмеймін, оқыған жоқпын, менің жұмысыма қатысты емес" деп жауап бердім. Елбасы: "Егер құжатты ұстап, алып келсең, сол құжат үшін жауапкершілік сенің мойныңда болады" деп жауап берді. Сол кезден бері қолыма құжат алсам, оқып, зерттеп, бақылайтын болдым. Әрдайым сенімді ақтауға тырыстық. Самурайлардың: "өлсең де, орында" деген қағидасын ұстандық", - деді Байбек Tanirbergen Youtube каналына берген сұқбатында.
Байбек 2004-2006 жылдар аралығында тұңғыш президент хаттамасының бас инспекторы болып қызмет етті. 2006 жылдың ақпанынан бастап Нұрсұлтан Назарбаев хаттамасының жетекшісі болды.
Кейін ол "Президентің бір жылы", "Қазақстан президенті қатысуымен өтетін хаттамалық шараларды қамтамасыз өтудің практикалық нұсқауы" және "Қазақстан республикасының мемлекеттік хаттамасы" атты кітаптар жазды.