Экономика

Қазақстандықтар табысын қайда жұмсайды – зерттеу қорытындысы

© Sputnik / Абзал КалиевЧеловек считает деньги
Человек считает деньги  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақшаның басым бөлігінің азық-түлікке кетуі тұрғындар табысының аздығын білдіреді. Экономикалық жағынан дамыған елдерде тамаққа табыстың 15 проценті ғана жұмсалады

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан азаматтары еуропалықтармен салыстырғанда, табысының денін тамаққа жұмсайды. Тамақ, бос уақытты өткізу және зиянды әдеттерді зерттеген сарапшылар осындай қорытынды жасады деп хабарлайды РИА Новости.

Қазақстан соңғы, яғни 40-шы орында. Тұрғындар тапқан қаражатының 49,4%-ін тамаққа жұмсайды. Украиналықтар (47,95) мен молдовалықтардың  (40,6%) да осындай әдеті бар көрінеді.  

Ақшаның басым бөлігін азық-түлікке беру тұрғындар табысының аздығын білдіреді. Экономикалық жағынан дамыған елдерде тамаққа табыстың 15 проценті ғана жұмсалады. 

Зиянды әдеттерге жұмсалатын қаржы

Бұл бағыттағы тауарларға Люксембург, Германия, Португалия, Кипр және Испания тұрғындары аз ақша жұмсайды. Осы елдер азаматтары алкоголь мен темекіге тұтынушылық шығындардың 1,7%-нен артық ақша кетірмейді. Ал Румыния (8,2%), Болгария (5,1%) және Сербияда (4,8%) керісінше осы бағытқа табыстың басым бөлігі жұмсалады.

Қазақстанда тұрғындар табысының 2,4 процентін алкоголь мен темекіге шығындайды.

Дәмхана мен мейрамханалар үлесі

Отбасы бюджетінің қонақүй, мейрамхана, дәмхана сынды қызметтерге жұмсалуы елдегі өмір сапасының жоғары екенін білдіреді. Алайда адамдардың үйде тамақтанбауы халықтың тарихи әдеттерімен де байланысты болуы мүмкін. 

Бұл салаға Грекия тұрғындары көп ақша жұмсайды - 11,1%. Екінші орында Швейцария (11,0%), ал испаниялықтарда бұл көрсеткіш он проценттен аз емес.

Қазақстан осы сала бойынша да төменгі орында. Тұрғындар қоғамдық тамақтану орындарында орташа есеппен табысының 2,9%-ін ғана қалдырады.

Мәдениетке қанша ақша жұмсалады

Экономикасы дамыған батыс еуропалық Швеция (18,7%), Ұлыбритания (13,1%) және Австрия (11,5%) елдері рейтинг көшін бастап тұр. Алғашқы екі елде бос уақытты өткізу мен мәдениетке жұмсалатын қаржы тамаққа жұмсалатын ақшадан көп.

Ал Қазақстанда бұл көрсеткіш небәрі 1,7% шамасында.

Жаңалықтар
0