Оқиға

1997 жылы екі әйелді өлтірген: полицейлер 23 жыл бұрынғы қылмысты ашты

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивное фото мужчины с ножом в руке
Архивное фото мужчины с ножом в руке - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күдікті осы уақыт ішінде отбасын құрып, екі бала сүйген. Қазір Қазақстан полицейлері оны Ресейден экстрадициялау мәселесін шешіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Ақмола облысының тәртіп сақшылары Ресейдегі әріптестерімен бірге 1997 жылы Көкшетауда екі адамды өлтірді деген күдікке ілінген 50 жастағы ер адамды іздеп тауып, ұстады.

Тергеу мәліметінше, 1997 жылы 30 маусымда күдікті екі әйелді пышақтап тастаған. Олардың бірі оқиға орнында, екіншісі бір аптадан кейін жансақтау бөлімінде көз жұмған.  

"Осыдан кейін күдікті бой тасалаған. Аса ауыр қылмыс жасағанын ескере отырып, оған халықаралық іздеу жарияланды. Көрші мемлекеттердің құқық қорғау органдарына бағыттама жіберілді", - деп атап өтті Polisia.kz.

Ер адам 23 жылдан кейін ғана табылып, ұсталды. Операция Ресейдің Курган облысындағы Журавлево ауылында өтті. Осы жылдар бойы ол сонда басқа атпен өмір сүрген.

Бішкекте қазақстандық әйелдерді асқан жауыздықпен өлтірген: қаскөйлер қалай ұсталды

Сондай-ақ, ер адам 23 жылдың ішінде отбасын құрып, екі бала сүйген. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау абақтысында отыр. Қазақстан полицейлері экстрадициялау мәселесін шешіп жатыр.  

Жаңалықтар
0