НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан – Sputnik. Қазақстандық файтер Евгений Егембердиев британдық Люк Барнатты нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жартылай ауыр салмақта өткен жекпе-жектің уақыты – үш раунд болатын. Алайда ол мерзімінен бұрын аяқталды. Егембердиев қарсыласын бірінші раунда-ақ нокаутқа жіберді. Қазақстандық файтер сол қолымен британдықтың шықшытынан қатты соққаны сонша, ол сол сәтте-ақ есінен танды. Сөйтіп, етбетімен жерге құлап, өздігінен тұра алмады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Евгений Егембердиев осымен 12-ші жекпе-жегін өткізді. Соңғы рет ол шілде айында ресейлік Насрудин Насрудиновтан (9-0) техникалық нокаутпен жеңілген болатын.
Осы жолғы жекпе-жектен кейін Евгений Егембердиева пен британдық Люк Барнатт киім ауыстыру бөлмесінде кездесті. Барнатт қазақстандық файтердің дайындығына жоғары баға беріп, қолын алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Айта кетейік, бұл кездесу Мәскеудің "ВТБ-Аренасында" ACA 115 аралас жекпе-жектер турнирі аясында ұйымдастырылды.
Оқи отырыңыз: "Арман жоқ еді-ау": елордада жекпе-жек сарайына Үшкемпіров есімі берілді