Өңірлер

Алматылықтарды 400 млн теңгеге алдап соққан күдікті ұсталды

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады

АЛМАТЫ, 14 желтоқсан – Sputnik. Алматы полициясы тұрғындарды 400 миллион теңгеден астам сомаға алдап соққан адамды ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полиция департаментінің тергеу басқармасы 1977 жылы туған Шығыс Қазақстан обласының тумасы Ш.есімді азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Ол Алматы қаласының аумағында жүріп, "Хан Тенгри" тұрғын үй кешенінен "жалға берілетін тұрғын үй" мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй алу, жер учаскелері мен бұғат қойылған көліктерді электрондық саудадан алып беремін деп алдаған. Күдікті бұл іспен 2014 жылдан бастап айналысқан.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына ("алаяқтық") сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.  Ш. күдікті деп танылды.  Ол Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-131 баптарына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді тергеу басқармасы бөлімінің бастығы Әділ Салаев.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.  

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Сонымен қатар полиция күдіктінің заңсыз әрекетінен зардап шеккен азаматтарды 261-84-90, 254-40-59 және 8-775-284-55-56 нөміріне хабарласуды сұрады.

Жаңалықтар
0