НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан — Sputnik. Қарағанды облысында Каzakhmys Еnergy ЖШС ГРЭС-2 электр станциясында бу құбыры жарылды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Құтқарушылардың ақпаратына сәйкес, апат салдарынан бір адам көз жұмды. Үш қызметкер жарақат алды.
"1958 жылы туған ер адам қайтыс болды, үш адам зардап шекті (1975 жылғы әйел, 1971 және 1980 жылы туған ер адамдар). Жарақат алғандар бірінші және екінші дәрежелі күйік диагнозымен ауруханаға жеткізілді", - деді департаментте.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Төтенше оқиға Қарағанды облысы Абай қаласының жылу және электрмен қамтылуына кедергі келтірмеген. Қазіргі уақытта Кazakhmys Еnergy ЖШС мамандары жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.