Компания адамның бейнесін дәлме-дәл көшіріп, гиперреалистік маскалар шығарады.
Дүкен иесі Шухей Окавара қарапайым адамдардың түрін "сатып алып", бетперделер жасайды. 3D-сканерлеу көмегімен түпнұсқаны барынша ұқсас етіп қайталайды. Терінің түсінен бастап кірпік ұзындығы мен меңдерге дейін жасайды.
Оның айтуынша, маскаларды түрдің "иесі" ғана емес, өзге адамдар да сатып алады. Бірақ көбісі оның туындылары жағымсыз екенін айтады. Алайда мұндай бетперделерді ойнау үшін алатындар да көп.