НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Өткен тәулікте коронавирустық инфекцияның 794 жаңа жағдайы тіркелді, 651 науқас сауығып кетті. Бұл туралы Қазақстандағы COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.
Аурулардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысында анықталды – 97, сонымен қатар жоғары көрсеткіштер Нұр-Сұлтанда (88 жаңа жағдай), Алматыда (80 жаңа жағдай) тіркелді.
Пандемия басталғаннан бері елімізде коронавирустық инфекцияның 141 587 жағдайы расталды. 125 380 адам сауығып шықты.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 88;
- Алматы қаласы - 80;
- Шымкент қаласы - 1;
- Ақмола облысы - 72;
- Ақтөбе облысы - 13;
- Алматы облысы - 62;
- Атырау облысы - 50;
- Шығыс Қазақстан облысы - 97;
- Жамбыл облысы - 26;
- Батыс Қазақстан облысы - 38;
- Қарағанды облысы - 30;
- Қостанай облысы - 75;
- Қызылорда облысы - 3;
- Маңғыстау облысы - 9;
- Павлодар облысы - 80;
- Солтүстік Қазақстан облысы - 67;
- Түркістан облысы - 3.