Оқиға

Көкшетаулық полицейлер 17 адамды өрттен құтқарды

© Sputnik / Владислав ВодневМигалки на автомобиле полиции, архивное фото
Мигалки на автомобиле полиции, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келгенге дейін полицейлер тұрғындарды эвакуациялап, адамдарды құтқару жұмыстарын шебер ұйымдастырған

НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. Көкшетауда көп қабатты тұрғын үйдің бірінде пәтер отқа оранды. Өрт сөндірушілер мен полицейлер 17 адамды, оның ішінде бес баланы құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сайын көшесіндегі көпқабатты тұрғын үй пәтерінің бірінде өрт шыққаны  туралы полицияға хабар түскен. Ас үйден шыққан тілсіз жау, заттар мен жиһаздарды шарпыған.

"Полиция қызметкерлерінің жұмысы жақын орналасқандықтан аға лейтенант Ерсайын Елубаев пен Олжас Әлпейісов оқиға орнына шұғыл жетіп, адамдарды эвакуациялауға кіріскен. Оларға кейінірек Әскер-3 пен Әскер-7 экипажының қызметкерлері де көмекке келді. Сондай-ақ, тұрғындардың бірі чипі бар кіреберістің кілтін балконнан лақтырып, құтқарушылардың жұмысын жеңілдетті", – делінген Ақмола облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері келгенге дейін полицейлер тұрғындарды эвакуациялап, адамдарды құтқару жұмыстарын шебер ұйымдастырған.

"Оқиға орнына бес жедел жәрдем көлігі келді. Екі адам көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізіліп, тексерістен кейін үйіне жіберілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталып жатыр", – дейді Көкшетау қаласы ТЖ бөлімі бастығының орынбасары Максим Шатковский.

Өрт 17 минут ішінде толығымен сөндірілді.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында аурухана отқа оранды – видео

Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдарды құтқарған полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Жаңалықтар
0