НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Семей қаласындағы мектептерді тексеру нәтижесінде полицейлер антитеррорлық қауіпсіздік шараларының бұзылғанын анықтады.
Білім ошақтарының бірінде аумақты бейнебақылау құрылғыларымен қамтуда бірқатар кемшіліктер анықталған. Сондай-ақ, бақылау камералары нысанның периметрлерін толық қамтымайтыны да белгілі болды.
Осыған байланысты мектеп басшылығына Әкімшілік кодекстің 149-бабы, 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.
Сот мектеп директорына 100 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК – 2 778 теңгеге тең) көлемінде айыппұл тағайындады. Бұл 277 мың 800 теңгені құрайды.
Оқи отырыңыз: Петропавлда мас адам полицейді ұрып, қашып кетпек болды – видео
Айта кетейік, Тараз қаласындағы мектеп дәретханасында оқушы қыз зорланғаннан кейін, биылғы оқу жылы басталғанға дейін Қазақстандағы барлық мектептерді бейнекамерамен жабдықтау тапсырылған болатын.