Саясат

Қазақстан ресейлік саясаткердің даулы мәлімдемесіне орай нота жіберді

© Sputnik / Абзал КалиевФлаги Казахстана и России на заседании Межправкомиссии по сотрудничеству между Казахстаном и Россией
Флаги Казахстана и России на заседании Межправкомиссии по сотрудничеству между Казахстаном и Россией - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық дипломаттар Ресей мемлекеттік думасы комитетінің төрағасы Бірінші арнада айтқан жанжалды мәлімдемесін жауапсыз қалдырмады

НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Ресей Федерациясының уақытша сенімді өкілі Александр Комаров Қазақстан сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Кездесу барысында сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Федерациясы мемлекеттік думасы білім және ғылым комитетінің төрағасы Вячеслав Никоновтың Бірінші арнада "Қазақстанның территориясы – Ресейдің үлкен сыйы" деген мәлімдемесіне таңданыс білдірді.

Кездесуде кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қарсы арандатушылық әрекеттерге қатысуы мемлекеттер арасындағы одақтастық қатынастарға едәуір зиян келтіретіні айтылды.

Оқи отырыңыз: "Олар кінәлі емес": Елді шулатқан дәрігерлерді министрлік қорғаштап жатыр

Сондай-ақ, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі мұндай мәлімдемелерге Ресей тарапының тиісті баға беруін күтуде және мемлекет қайраткерлерінің осындай мазмұндағы мәлімдемелерінің алдын-алу үшін шаралар қолдануға шақырады.

Ресейлік дипломатқа Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігінің позициясы жазылған нота берілді.

Жаңалықтар
0