НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус індетін жұқтырған 789 науқас тіркелді, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Бір күн бұрын 836 адамнан вирус табылған болатын.
Өңірлер бойынша мәлімет:
- Нұр-Сұлтан қаласы – 99,
- Алматы қаласы – 82,
- Шымкент қаласы – 14,
- Ақмола облысы – 69,
- Ақтөбе облысы – 7,
- Алматы облысы – 55,
- Атырау облысы – 26,
- Шығыс Қазақстан облысы – 98,
- Жамбыл облысы – 26,
- Батыс Қазақстан облысы – 38,
- Қарағанды облысы – 30,
- Қостанай облысы – 74,
- Қызылорда облысы – 3,
- Маңғыстау облысы – 9,
- Павлодар облысы – 83,
- Солтүстік Қазақстан облысы – 71,
- Түркістан облысы – 5.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны –140 784.
11 желтоқсанда 673 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. 138 адам коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияға шалдықты. Одан 82 науқас емделіп шықты.
Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустан сегіз адам, ал пневмониядан бір адам қайтыс болды.