Елорда тынысы

Елордада демалыс күндері автобустар қалай жүреді  

© Sputnik / Владислав ВодневНа остановке автобуса в Нур-Султане
На остановке автобуса в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауы тиіс, автобустарға бетпердесіз кіруге болмайды. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Елорда эпидемиологиялық жағдай бойынша "қызыл" аймаққа енсе де, демалыс күндері қоғамдық көлік бұрынғы тәртіппен жүреді. Автобустар бір күнге ғана тоқтайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан CTS компаниясының басапасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жексенбі, 13 желтоқсанда қоғамдық көліктің жұмысы бір күнге тоқтатылады. Бұл күні дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - дейді компания мамандары. 

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көлік жұмыс күндері және сенбі күндері сағат 6:00-ден 23:00-ге дейін жүреді. 

"Дүйсенбі, 14 желтоқсаннан бастап бағдарлар қалыпты кестесіне сәйкес қатынайды. Қала тұрғындарын санитарлық нормаларды сақтауды және автобустарға бетпердесіз кірмеуді сұраймыз. Жол ақысы тек қолма-қол ақшасыз төленеді", - делінген ресми хабарламада.

Жаңалықтар
0