Өңірлер

Петропавлдың айналасындағы блок бекеттер алынатын болды

© Sputnik / Елена БережнаяКарантиндік блок бекет
Карантиндік блок бекет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кітапханалар, музейлер мен театрлар қайта ашылады. Діни нысандарға ұжымдық шараларды өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Петропавлда эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты 14 желтоқсаннан бастап карантин жеңілдетіледі. Қала айналасындағы блок бекеттер алынып, облыс ішінде автобус қатынасы жанданады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов карантинді күшейту аурудың таралуын азайтуға мүмкіндік бергенін атап өтті.

"Қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, 14 желтоқсан 00.00-ден бастап облыс орталығында карантин режимін едәуір жеңілдетеміз. Петропавлдың айналасындағы блок бекеттер алынады. Демалыс күндері қалада қоғамдық көлік жүреді. Облысішілік автобус қатынасы жанданады. Кітапханалар, музейлер мен театрлар қайта ашылады. Діни нысандарға ұжымдық шараларды өткізбей жұмыс істеуге рұқсат етіледі", - деді Ақсақалов жұма күні өткен брифингте.

Сондай-ақ, аумағы 500 шаршы метрден асатын азық-түлік емес дүкендер мен сауда ойын-сауық орталықтары 10.00-ден 22.00-ге дейін ашық болады. Бірақ жексенбі күні жұмыс істемейді. Азық-түлік дүкендері, соның ішінде сауда орталықтарындағы супермаркеттер түнгі он екіге дейін істейді.

Аумағы 500 шаршы метрден аз азық-түлік емес дүкендерінің жұмыс кестесі – 08.00-ден 22.00-ге дейін.

Тағы оқыңыз: 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізілетіні рас па – үкімет мәлімдеме жасады

Жабық базарлар таңғы тоғыздан кешкі сегізге дейін ашық болады, бірақ жексенбіде жабылады. Ал даладағы базарлардың жұмысына шектеу қойылмайды.

Демалыс және мереке күндері сұлулық салондарынан локдаун режимі алынады.

"Мейрамхана бизнесінің өкілдерінен жұмыс уақытын ұзарту туралы өтініш түсті. Сол себепті эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, қоғамдық тамақтану нысандарының уақытын 22.00-ге дейін созып отырмыз. Алайда жексенбіде мейрамханалар мен дәмханалар тамақты жеткізу және өзімен бірге алып кету бойынша ғана жұмыс істейді", - деп атап өтті облыс әкімі.

Сондай-ақ, қонақ үйлер мен туризм нысандары тек 80%-ке толуы тиіс. Туристік орындар жексенбіде жабық болады.

Фитнес және жаттығу залдарына, бассейндерге, спорт нысандары мен балалар білім мекемелеріне сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат етілді.

Жаңалықтар
0