Елорда тынысы

Алтай Көлгінов оқушыларға ақшалай сертификат табыстады

© Photo : Алтай Көлгіновтың Инстаграм парақшасыАлтай Көлгінов оқушыларға ақшалай сертификат табыстады
Алтай Көлгінов оқушыларға ақшалай сертификат табыстады  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оқушылар халықаралық білім бәсекелерінде жүлделі орынға ие болғаны үшін 100 мың теңге көлемінде сертификат, ал мұғалімдер сыйақы мен ноутбук алды

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов түрлі олимпиадаларда, соның ішінде халықаралық білім бәсекелерінде жүлделі орынға ие болған оқушыларға ақшалай сертификат табыстады.

Қала басшысы оқушылар білімді болып қалыптасып, жетістіктерге жетуі үшін мұғалімдер мен ата-аналар көп тер төгетінін атап өтті.   

"Бұл еңбек бағалануы керек. Бүгін дарынды оқушыларға түрлі олимпиадаларда, соның ішінде халықаралық білім бәсекелерінде жүлделі орынға ие болғаны үшін 100 мың теңге көлемінде сертификат, ал мұғалімдерге сыйақы мен ноутбук табыс етілді", - деп жазды Көлгінов өзінің Инстаграм парақшасында.

Елорда әкімі атап өткендей, әр оқушының сүйікті пәні болады. Біреуі математика мен физиканы ұнатса, енді бірі биологияны оқиды. Әдебиет, география, химия сияқты пәндерді жанына жақын көретіндер де табылады.

"Жоғары сынып оқушылары болашақ мамандығын таңдап та үлгерген. Оқушылардың бәріне оқуда табыс, зор денсаулық және бақыт тілеймін!", - деп толықтырды ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығы бекітілді 

Айта кетейік, елордада мектептер салынып, балалар орталықтары мен үйірмелер ашылып, мұғалімдердің еңбекақысы кезең-кезеңімен көбейтіліп келеді. Биылғы жылдың наурыз айынан бастап оқушылар қоғамдық көлікте тегін жүреді.

Жаңалықтар
0