Қоғам

Қазақстанда COVID-19 жұқтырғандар саны артты

© REUTERS / RUSSELL CHEYNEМедик работает с тест-полоской для анализа на коронавирус
Медик работает с тест-полоской для анализа на коронавирус  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирусқа шалдыққандар көрсеткіші барлық өңірде өсті. Антирейтингтің бірінші орнында - Павлодар облысы, екінші орында - астана

НҰР-СҰЛТАН, 11 желтоқсан - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 836 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.

Коронавирусқа шалдыққандар көрсеткіші барлық өңірде өсті. Антирейтингтің бірінші орнында - Павлодар облысы, екінші орында - астана.

Кеше, 10 желтоқсанда, Қазақстанның астанасы коронавирустың таралуы бойынша "қызыл" аймаққа енгені хабарланған болатын. "Қызыл" аймақта тұрған өңірлер қатарында Павлодар облысы да бар.

Ал бұған дейін "қызыл" аймақта болған Солтүстік Қазақстан облысы "сары" аймаққа ауысты. Қазір "сары" аймақта Атырау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстары мен Алматы қаласы да бар.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 118
  • Алматы қаласы - 75
  • Шымкент қаласы - 7
  • Ақмола облысы - 67
  • Ақтөбе облысы - 9
  • Алматы облысы - 45
  • Атырау облысы - 40
  • Шығыс Қазақстан облысы - 129
  • Жамбыл облысы - 24
  • Батыс Қазақстан облысы - 40
  • Қарағанды облысы - 29
  • Қостанай облысы - 72
  • Қызылорда облысы - 4
  • Маңғыстау облысы - 9
  • Павлодар облысы - 90
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 72
  • Түркістан облысы - 6

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 139 995.

Жаңалықтар
0