Қоғам

Педофилдерді соттау тәртібі өзгереді: сенат заң жобасын мәжіліске қайтарды

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуАрхивное фото мужчины на скамье подсудимых
Архивное фото мужчины на скамье подсудимых - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Талқылау барысында сенат депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, мәжіліс мақұлдаған заң жобасына толықтырулар енгізу қажеттігі туындады

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Сенат депутаттары кәмелеттік жасқа толмағандарға қатысты жыныстық сипаттағы қылмыстарға қатысты заң жобасына өзгеріс енгізіп, төменгі палатаның қарауына қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Талқылау барысында сенат депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, мәжіліс мақұлдаған заң жобасына толықтырулар енгізу қажеттігі туындады. 

"Мәселен, қылмыстық-процестік кодекске түзетулер енгізу ұсынылды. Кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы аса ауыр қылмыс бойынша істер сотта алқабилердің қатысуынсыз өтуі мүмкін. Судья жеке-дара қарайды", - делінген заң жобасының қорытындысында. 

Депутаттардың барлық ескертулері мен ұсыныстары салыстырма кестеге жинақталып, мәжіліске жіберілді.

Айта кетейік, биыл тамыз айында Орал қаласында алқабилердің шығарған шешімі қоғамдық резонанс туғызған болатын. 12 жасар қызбен жыныстық қатынасқа түскен ер адам екі жарым жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Алқабилер оның кәмелеттік жасқа толмаған қызбен өзара келісіммен жыныстық қатынасқа түсті деген шешімге келді.

Жаңалықтар
0