АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір тәулікте коронавирус инфекциясынан жеті адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан екі адам қайтыс болды.
Қазір коронавирус инфекциясынан 13 832 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 1 004 бала бар, делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Стационарларда 3 762 науқас жатыр. 10 070 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 230 адамның жағдайы ауыр, ішінде 41 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Пандемия басталған наурыз айынан бері 2 088 адам коронавирустан қайтыс болды, бірінші тамыздан бастап коронавирус белгілері бар пневмониядан 458 адам көз жұмды.