Қоғам

14 желтоқсаннан бастап карантин енгізілетіні рас па – үкімет мәлімдеме жасады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан үкіметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме беріп, ел тұрғындарын ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырды

АЛМАТЫ, 10 желтоқсан – Sputnik. Мессенджерлерде Қазақстан өңірлерінде 14 желтоқсаннан бастап карантин енгізіліп, блок бекеттер орнатылатыны туралы ақпарат тарады.

Люди в масках переходят дорогу зимой в Нур-Султане  - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Нұр-Сұлтан коронавирустың "қызыл" аймағына енді
Фотода премьер-министрдің атынан облыс әкімдеріне жолданған хат көрсетілген.

"Бұл хабарлама шындыққа жанаспайды, құжаттың фотосуреті жалған. Қазақстанның өңірлері мен қалаларында 14 желтоқсаннан бастап блок бекеттер орнатып, қозғалысты шектеп, қатаң локдаун енгізу жоспарланып отырған жоқ",- деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ үкімет қазақстандықтарды ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

Жаңалықтар
0