Аңдатпа

Қазақстанда 11 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневСфера Нур-Алем на территории EXPO 2017
Сфера Нур-Алем на территории EXPO 2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Sputnik Қазақстан 11-21 желтоқсан аралығында болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

Қазақстанда бұқаралық іс-шараларды өткізуге уақытша тыйым салынды. Мемлекеттік органдардың мәжілістері мен баспасөз конференциялары онлайн режимде ұйымдастырылады. Десе де, біз алдағы күндерге жоспарланған іс-шаралар туралы ақпарат беруді жалғастырамыз.

11 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

10.00 - Алтыншы шақырылған Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезекті сессиясы Zооm сервисінің бейнеконференция байланыс алаңында өтеді.

Сессияның қарауына мынадай мәселелер ұсынылады:

  • Нұр-Сұлтан қаласын газдандыру бағдарламасы;
  • 2021-2023 жылдарға арналған Нұр-Сұлтан қаласының бюджеті;
  • Нұр-Сұлтан қаласы мәслихаты хатшысының 2020 жылы атқарылған жұмыс туралы есебі;
  • мәслихаттың құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі
  • тұрақты комиссиясының есебі;
  • жер учаскелерін мемлекет қажеттілігі үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін немесе басқа жылжымайтын
  • мүлікті иеліктен шығару туралы келісімдердің жобалары.

17.00 – "Қорқыт" этно-ансамблінің "Бабадан қалған аманат" онлайн-концерті (трансляция Instagram-дағы @astana_philarmonic парақшасында жасалады)

18.30 - Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұйымдастырған кітап алмасу (Байланыс телефоны: +7 747 674 48 69)

Алматы

10.00 - Christmas Fair Рождество жәрмеңкесі ("Grand Park" СОО).  

12 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

09.00 - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында шаңғыдан онлайн-жарыс (Тіркелу +7 775 947 2279, +7 707 977 99 70)

10.00 - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында шаңғы жарысынан онлайн-жүгіру (Тіркелу +7 775 947 22 79, +7 707 977 99 70)

18.00 – "Күлбике" балеті, "Астана Балет" театры (Ұлы Дала даңғылы, 9).

Алматы

19.00 – ARTиШОК ұсынатын "Бетховен MUTE" жобасы (Гоголь көшесі, 40).

19.00 – "Qoltańba VACUUM" поэзия кеші. Qoltanba – әр түрлі аудиторияға арнап көптеген кеш өткізген жас ақындардың поэтикалық бірлестігі. Олар өз ойларын қазақша жеткізе отырып, қазақ тілі қарым-қатынас ғана емес, сонымен қатар сезім мен рефлексия тілі бола алатындығын дәлелдеп жүр.  Кіру: тегін (карантиндік шараларға байланысты орындар саны шектеулі. Тіркелу + 7 700 120 12 20).

13 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

19.00 – "Жастар" театрының "Ғашықтар" комедиялық қойылымының премьерасы   

15 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
Нұр-Сұлтан

19.00 – "Жас Абай" драмасының премьерасы. Режиссер – Нұрлан Жұманиязов (Nomad City Hall, байланыс телефоны: +7 775 284 02 96) 

16 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

18.00 – "Ұлы Дала мұрасы" концерттік бағдарламасы ("Астана Балет" театры)

Алматы

19.00 – Габриэль Гарсиа Маркестің "Жүз жылдық жалғыздық" романы бойынша спектакль (АРТиШОК театры, Гоголь көшесі, 40)

19 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

11.00 - Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары арасында "Отбасылық жеңіс" онлайн сайысы. Командада үш адам болады: ата-ана мен бала. Әкесі кеудені жерден көтеру жаттығуын жасайды. Анасы шалқалап жатып, денесін көтере отырып, жаттығу орындайды, аяғы 90 градусқа бүгіледі. Жаттығуды әкесі қадағалайды. Бала отырып тұру жаттығуын жасайды. Жалпы сайыс уақыты – 3 минут. Жеңімпаздар дипломмен және медальмен марапатталады (Тіркелу +7 701 909 66 77, +7 747 054 59 00).   

Нұр-Сұлтан

"Рождество шұғыласы" концерті. Бағдарламаны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының камералық хоры ұсынады. Еуропа композиторларының жаңажылдық шығармалары орындалады ("Астана Опера" театры).

20 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

20.00 - Ninety One тобының online-шоуы. Топ Taboo трегін алғаш рет "Ирина Кайратовнамен" бірге орындайды (https://stream.juzent.com/events/online-concerts сілтемесі арқылы тіркеу керек)  

Nur-Sultan snowpark ашылуы. Ататүрік саябағында шаңғы және сноубордқа арналған жасанды төбешік жасалады. Құрылыстың жалпы ауданы 720 шаршы метрден асады. Төбешіктің ұзындығы –40 м, ені –18 м.

21 ЖЕЛТОҚСАНҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР

Нұр-Сұлтан

12.00 - "Аяз ата қолғаптары" Жаңа жылдық қойылымы (Нұр-Сұлтан қаласының қуыршақ театры).  

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.

Жаңалықтар
0