Видео

Ғалымдар 600 жыл бұрын өмір сүрген әйелдің бейнесін жасады – видео

Жазылу
Перулік археологтар жаңа технологияларды қолдана отырып, алты жүз жыл бұрын өмір сүрген әйелдің бейнесін жаңадан жасады. Оның сырт келбеті қандай және қанша жаста болғанын, немен айналысқанын видеодан көріңіз

Жас әйелдің қаңқасын екі жыл бұрын Лимада құрылысшылар тауып алған. Соңғы технологияның көмегімен ғалымдар оның бейнесін қалпына келтірді.   

Зерттеушілердің айтуынша, әйел 20 жаста болған, оның аты Вайя және ол Эль-Соус деп аталатын ауылда тұрған. Қыз тоқымашылықпен айналысқан болуы мүмкін.

"Ол шамамен жиырма жасында көз жұмған. Оның бойы орташа бір метр қырық сегіз сантиметр болған. Бұл сол кездегі орташа өлшемнен сәл жоғары", - деп хабарлады жоба қатысушыларының бірі, археолог Сесилия Камарго.

Белгілі болғандай, Вайяның қаңқасы Перудің мәдениет министрлігіне тапсырылады.

Жаңалықтар
0