Әлем

Дәрігер смартфондағы көгілдір жарық қауіпті екенін айтты

© Photo : Pixabay / TeroVesalainenСмартфон в руках мужчины
Смартфон в руках мужчины - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Гаджеттің көгілдір жарығы немесе HEV деп аталатын сәуле  адамның ағзасына кері әсер етеді, деп атап өтті офтальмолог дәрігер Арпине Адамян

АЛМАТЫ, 9 желтоқсан – Sputnik. Гаджет экранындағы жарық толқыны ең қысқа жарық спектрі болғанымен, максималды энергияға ие. Барлық гаджет көгілдір жарық шашады, өйткені оларды жарықдиодты және флуоресцентті лампа сәулелендіреді. Дәл осы жарық қауіпті болуы мүмкін. Бұл туралы "Прайм" агенттігіне офтальмолог дәрігер Арпине Адамян айтты.

"Гаджеттің көгілдір жарығы немесе HEV деп аталатын сәуле  адамның ағзасына кері әсер етеді. Көк түсті жарық көз торына зиян келтірсе, фоторецепторлар мен эпителий пигментті жасушаларын бұзатын фотохимиялық реакцияларды тудырады", - деп түсіндірді дәрігер.

Сонымен қатар HEV сәулесі терінің ерте қартаюына және пигментті дақтардың пайда болуына әкеледі. Көк түсті жарық ұйқы гормонының мелатонин өндірісін азайтады және ұйқысыздықты тудырады. Нәтижесінде көз шаршай бастайды, ал көру қабілеті нашарлайды.

Оқи отырыңыз: Маман телефондағы көпшілік біле бермейтін PIN-кодтың пайдасы туралы айтты 

Ал көгілдір экраннан компьютерден қорғайтын арнайы көзілдірік тағу керек. Алайда гаджетті күндіз пайдаланып, сағат сайын монитордан демалу қажет. Ұйықтауға 2-3 сағат қалғанда барлық құрылғыдан бас тартқан жөн.

"Ағзаның биологиялық ырғағын бұзбау үшін гаджетті түнде қолданбауға тырысыңыз. Әлеуметтік желіге жұмсайтын уақытты қысқарту керек", - деп толықтырды дәрігер.

 

Жаңалықтар
0