Өңірлер

Аурухананың бас дәрігері жиындағы біртүрлі әрекетінен кейін жазаланды – видео

© PavlofoxАгрессия, угнетение
Агрессия, угнетение - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеріс жүргізгенін айтты

ТАЛДЫҚОРҒАН, 9 желтоқсан — Sputnik. Тұрғындармен кездесу кезінде эмоцияға ерік берген Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігеріне қатысты тәртіптік жаза қолданылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желіде тараған видеоға байланысты арнайы комиссия құрылып, қызметтік тексеріс жүргізгенін айтты.

"Комиссия аудандық медициналық мекеме жетекшісін тәртіптік жазаға тарту туралы шешім қабылдады. Қатаң сөгіс жарияланды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лейлім Әубәкірова.

Оқиға бас дәрігер Нұрлан Құлсейітов пен жергілікті тұрғындар кездесуі кезінде болды. Видео әлеуметтік желіде тарап кетті. Тұрғын дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты сауал қойды. Алайда медициналық мекеме жетекшісі жауап берудің орнына бірден айқайлап, үстелді жұдырығымен ұра бастады. Бұдан соң орнынан тұрып, залдан шығып кетті. 

Жаңалықтар
0