Елорда тынысы

Тұрғын үй сертификатының сомасы 1,5 миллион теңгеге дейін көбейеді  

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуМакет дома на калькуляторе
Макет дома на калькуляторе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Келесі жылдан бастап әкімдік кезегінде тұрған барлық тоғыз санатқа алғашқы жарна үшін 1,5 миллион теңгенің  сертификаты беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда баспананың алғашқы жарнасы ретінде берілетін тұрғын үй сертификатының сомасы 1,5 миллион теңгеге дейін артады. Бұл туралы қала басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Нұр-Сұлтанда баспанаға құжат қабылдау басталады

Әкімнің айтуынша, тұрғын үй сертификатын алатын адамдардың санаты кеңейтілген. Бұған дейін тек үш санатқа кіретін азаматтар ғана алса, енді әкімдік кезегінде тұрған барлық тоғыз санатқа алғашқы жарнаның сертификаты беріледі. 

"Демек 1 миллион теңге көлеміндегі сертификатты барлығы алады. Ал келесі жылдан бастап біз оның сомасын 1,5 миллион теңгеге дейін көтереміз. Осылайша баспана кезегінде тұрған адамдар 1,5 миллион теңгенің сертификатын алады", - деді Көлгінов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, бұған дейін тұрғын үй сертификаты толық емес, көпбалалы және мүгедек бала бағып отырған отбасыларға берілген. Енді баспана кезегінде тұрғандардың барлығы алады. Олар:

  • жетім балалар;
  • I және II топ мүгедектері; зейнеткерлер;
  • ҰОС ардагерлері және оларға теңестірілгендер;
  • мемлекеттік, қоғамдық немесе әскери тапсырма орындау кезінде қаза болғандардың отбасылары;
  • экологиялық апат кезінде, табиғи немесе техногендік ТЖ кезінде баспанасынан айырылғандар;
  • бөтен елдердің аумағында ұрысқа қатысқандар; "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегері немесе ертеде "Батыр ана" атағын алған көпбалалы аналар;
  • I және II дәрежелі "Ана даңқы" орденімен марапатталғандар.

Тұрғын үй сертфикаттары "Шаңырақ" (5-10-20) жобасына қатысу үшін беріледі.

Жаңалықтар
0