Қоғам

Олжас Сүлейменов халықаралық орталықты басқарады

© Sputnik / Тимур БатыршинОлжас Сулейменов
Олжас Сулейменов  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәдениеттерді жақындастыру орталығына ЮНЕСКО-ның екінші санаты мәртебесін беру еліміздің ұлттық мүдделеріне сәйкес келеді әрі саяси және әлеуметтік тұрғыдан тиімді болады, деп атап өтті мәдениет және спорт министрі

НҰР-СҰЛТАН, 9 желтоқсан – Sputnik. Мәжіліс Қазақстан үкіметі мен білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі БҰҰ (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келiсiмді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. Орталықты белгілі ақын Олжас Сүлейменов басқарады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Келісім "Мәдениеттерді жақындастыру орталығы" мемлекеттік музейі" РМҚК базасында Алматы қаласында ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығының (2-санат) қызметін қамтамасыз етуді көздейді.

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, шартты ратификациялау халықаралық деңгейде Қазақстанның беделінің артуына ықпал етеді.

"Орталықты белгілі қазақстандық ақын, жазушы Олжас Омарұлы Сүлейменов басқарады", - деді министр.

Халықаралық шарт ратификацияланғаннан кейін орталық бұл жұмысты Қазақстанның мәдени саясатының басымдықтарына және БҰҰ-ның 2030 жылға дейін тұрақты даму саласындағы күн тәртібіне сәйкес жалғастырады.  

Орталық:

  •  этностардың, мәдениеттер мен діндердің шығу тегі саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуге;
  •  түрлі өркениеттер мен мәдениеттердің өзара әсер етуінің кешенді процестеріне мүмкіндік беретін Ұлы Жібек жолын зерттеуге;
  •  мәдениетаралық қоғамдардың қалыптасуы және олардың бірегейлігіне;
  •  түрлі этностардың мәдениеттерін жақындастыру бойынша форумдар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, ашық дәрістер, тренингтер, онлайн-дәрістер өткізуге;
  •  халықаралық аудитория арасында бейбітшілік пен тұрақты даму мүддесінде мәдениетаралық диалог құндылықтарын таратуға бағытталған халықаралық ынтымақтастыққа арналған бірегей платформа болады.

Бұдан басқа, 2022 жылы Мәдениеттерді жақындастырудың халықаралық онжылдығы бағдарламасының (2013-2022) аяқталуына байланысты Қазақстан атынан "Білім мәдениетінің халықаралық онжылдығы" бағдарламасын жариялау туралы бастама көтерілді.

"Мәдениеттерді жақындастыру орталығына ЮНЕСКО-ның екінші санаты мәртебесін беру еліміздің ұлттық мүдделеріне сәйкес келеді әрі саяси және әлеуметтік тұрғыдан тиімді болады. Бұл өз кезегінде ЮНЕСКО жүйесінде ел  бастамаларын іске асыруды тиімді ілгерілетуге ықпал етеді", - деді Райымқұлова.

Ведомство басшысы заң жобасын қабылдау республикалық бюджеттен қосымша қаржылық шығындарға, сондай-ақ теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайтынын атап өтті.

Жаңалықтар
0