Оқиға

Өртенген үйден жарақат ізі бар мәйіт табылды: полиция тергеуді бастады

© AP Photo / Noah BergerГорящие дом и автомобиль в округе Напа в Калифорнии во время лесных пожаров
Горящие дом и автомобиль в округе Напа в Калифорнии во время лесных пожаров - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкенттің полиция департаменті өрт орнынан табылған мәйітте жарақат ізінің болуына байланысты өлімнің себебін анықтап жатыр

АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте өрт шыққан үйдің иесі қаза болуына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Мәйіт өртті сөндіру кезінде табылды. Оқиға орнын тексеру кезінде медициналық сараптама жәбірленушінің денесінде зорлық-зомбылық іздері бар екенін анықтады.

Қайғылы оқиға 6 желтоқсан күні кешке екі қабатты тұрғын үйде болды, деп хабарлады "Алматы" телеарнасы.

Куәгерлердің айтуынша, өрт кешкі жетіде басталған. Ғимарат қамыстан салынғандықтан, өрт тез тарап кеткен.

"Өрт туралы сағат 19:17-де қоңырау түсті. 19:39-да ауыздықталды. Өрттің жалпы ауданы 35 шаршы метрді құрайды. Өрт бірінші қабатқа түгел шарпыған", - деді қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Аманбек Бейсембаев.

Ғимаратты тексеру барысында полицейлер пәтер иесінің денесін тапты. Сот-медициналық сараптама марқұмның денесінде жарақат ізі бар екенін көрсетті. Ал мұның адам өліміне себеп болған-болмағанын сараптама көрсетеді.

Көршілер пәтер иесінің қоғамға қайшы өмір сүргенін айтты. Ол бір әйелмен бірге тұрып, жиі жанжал шығарып жүрген. Таныстарын шақырып, алкогольдік ішімдік ішкен. Сол себепті олар өлімнің қылмыстық сипаты бар болуы мүмкін екенін жоққа шығармай отыр.

Шығыс Қазақстанда екі адам тірідей өртеніп кетті 

"Газ баллоны жарылып кетеді деп қорқып кеттік, сондықтан бәрін үйде қалдырдық. Біреу киімін, біреу бағалы бұйымын қалдырды. Көшеде жүргенімде екінші қабатта өрт басталды. Бір сағаттан кейін өрт сөндірушілер келді. Үйге кіргіміз келді, бірақ бізге рұқсат бермеді. Қазір өзімізбен бірге ештеңе жоқ, бәрі жанып кетті. Баратын жеріміз де жоқ", - дейді үйдің тұрғыны Марина Қожабергенова.

Өрттің шығу себебін өртке қарсы қызмет анықтайды. Олар өрт қасақана қойылған болуы мүмкін екенін де айтты.

Жаңалықтар
0