Оқиға

Қарағандыда тұрғын үйден 40-тан астам адам эвакуацияланды

© Sputnik / Владислав ВодневПолицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото
Полицейское авто и автомобиль скорой помощи, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғимаратқа барлық шұғыл қызмет өкілдері жетті. Полиция қызметкерлері табылған затты зерттеп, қорытынды жасады

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан — Sputnik. Қарағандыда тұрғын үйдегі дәмханада "граната" бар деген хабардан кейін 40 адам эвакуацияланды.

Тазалаушы қызметкер ғимаратта жарылғыш затқа ұқсас нәрсе тапқан. Сағат 16.00-де полицияға хабар түсті.

Восток-1 шағын ауданында орналасқан дәмханаға барлық шұғыл қызмет өкілдері жетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрғын үй ғимаратынан 40-тан астам адам қауіпсіз жерге шығарылды. Полиция қызметкерлері табылған затты зерттеді. Ол еш қаупі жоқ граната түріндегі кәдесый екені анықталды.

Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ауыл маңында жауынгерлік граната тауып алған болатын. Ол итпен серуендеуге шыққан кезде көріп қалған. Полицейлер табылған зат нағыз граната екенін растады.

Жаңалықтар
0