Өңірлер

"Үйден мүлдем шықпаған": 7 жыл бойы полициядан жасырынған петропавлдық ұсталды

© AP Photo / Marcelo RuizСилуэт женщины, архивное фото
Силуэт женщины, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зейнеткер жеті жыл бойы құқық қорғаушылардан қашып жүрген. Соңғы жылдары туысқанының үйінде жасырынды

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Петропавл қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жеті жыл бойы іздеуде жүрген 61 жастағы әйелді ұстады. Ол есірткі заттарын таратқаны үшін айыпталып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2012 жылы героин таратқан Петропавл қаласының тұрғынын істі болды. Осы қылмысқа оның 61 жастағы анасының қатысы бар болып шықты. Бірақ құқық қорғаушылар оны ұстай алмады. Әйел үйден қашып, ізін жасырған. Содан бері оның қайда жүргені белгісіз болды. 2013 жылы іздеу жарияланды. 

Жақында құқық қорғау органдарына әйелдің Петропавл қаласындағы кентте жасырынып жүргені туралы шұғыл ақпарат түсті. Тексеріс кезінде ақпарат расталды. Зейнеткер Жұмысшылар кентінің орталығында орналасқан жеке меншік үйлердің бірінде ұсталды. Ол қайда қашқанын және қай жерде жасырынғанын айтып берді. 

"Ол қылмыстық жауапкершіліктен жалтарамын деп, алдымен Қостанайдағы туған-туыстарына барған. Үш жылдан кейін Петропавл қаласындағы Жұмысшы кентіне қайта келіп, туысының үйінде тұрды. Төрт жыл бойы ешқайда шықпаған", - дейді құқық қорғаушылар.  

Зейнеткер көптен бері үйден шықпағаннан, әбден шаршаған. Сөйтіп, бір күні танысының үйіне барды. Бірақ полицейлер оны бірден ұстады. Қазіргі кезде зейнеткер уақытша ұстау изоляторына тоғытылып отыр.

Қылмыстық кодекстің (1997 жылғы нұсқасы) 259-бабы, 4-бөлігі ("Есiрткi заттарын немесе психотроптық заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0