Әлем

Үндістанда белгісіз дерт белең ала бастады: билік алғашқы болжамын бөлісті

© AP Photo / Altaf QadriҮндістан тұрғындары
Үндістан тұрғындары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жексенбіде Андхра-Прадеш штатының бірден сегіз жүз тұрғыны кенеттен белгісіз дертке шалдықты

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Үндістанның Андхра-Прадеш штатының билігі белгісіз дертке қатысты алғашқы болжамын жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.

Еске салсақ, Үндістанда аяқ астынан эпилепсияға ұқсас ауру басталды – адамдардың басы айналып, есінен айырылған, денесі қалшылдап, аузынан көбік аққан. Ауырғандар саны 800-ге жетті, біреуі қайтыс болды.

Жергілікті дәрігерлер науқастарды тексеріп шықты, сондай-ақ, коронавирусқа да тест алды. Бірақ, тест теріс нәтиже көрсеткен. Әзірге нақты қандай ауру екенін анықтау мүмкін болмай тұр.

Тағы оқыңыз: Сенегалда 100-ден астам адам белгісіз ауруға шалдықты

Болжам бойынша тұрғындар құрамында ауыр металл, фосфорорганикалық қосылыстар мен пестицидтар бар ауыз судан уланған. Суға масадан қорғайтын зат түсуі мүмкін.

Билік ауру тіркелген аудандар "психологиялық дағдарыста" екенін атап өтті. Халық арасында дүрбелең туды.

Жаңалықтар
0