Өңірлер

Демалыстағы локдаун алынып тасталады - облыста шектеу шаралары жеңілдетілмек

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Северо-Казахстанской области Блокпосты вокруг Петропавловска работают в круглосуточном режиме
Блокпосты вокруг Петропавловска работают в круглосуточном режиме - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыста бір айдан бері қатаң шектеу шаралары енгізілген. 8 желтоқсандағы жағдай бойынша, СҚО "қызыл" аймақта тұр

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында желтоқсан айының ортасына қарай демалыс және мереке күндеріндегі локдаун алынып тасталады. Бұл туралы өңір басшысы Құмар Ақсақалов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Сіздер жаңалық қараған кезде, аймақта жағдай күрделі деген ой қалыптасуы мүмкін. Іс жүзінде олай емес. Жағдай толық бақылауда", - деді Ақсақалов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айтуынша, облыста қатаң шектеу шаралары бір айдан бері қолданылып келеді. Шекара бекеттерінде карантиндік стационарлар ашылды. ПЦР тест болмаған жағдайда, елге кіруге тыйым салынған. Пойыздардың саны қысқарып, өңірдегі автобус маршруттары тоқтатылды.

Облыс орталығында карантин енгізілді. Демалыс күндері "локдаун" режимі орнаған.

"Бұл шаралардың барлығы жағдайды тұрақтандыру үшін қабылдануда", - деді ол.

Әкім вирус жұқтырғандар мен ауруханаға түсетін науқастар саны күн сайын азайып келе жатқанын атап өтті. Індетке шалдыққандардың 94 проценті дерттен сауығып шыққан.

Денсаулық сақтау жүйесіне де айтарлықтай салмақ түсіп отырған жоқ. Стационарларда төсек-орын қорының тек 32%-і ғана толған. Жағдайы ауыр және жасанды тыныс алдыру аппаратына мұқтаж пациенттер саны да өсіп жатқан жоқ, деп толықтырды облыс әкімі.

"Сол себепті қазіргі эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, желтоқсанның ортасына қарай біз демалыс және мереке күндерінде локдаунды алып тастап, облыс орталығында шектеу шараларын әжептәуір жеңілдетуді жоспарлап отырмыз", - деді ол.

8 желтоқсандағы жағдай бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр. Өткен тәулікте өңірде 75 адамда коронавирус диагнозы расталды.

Жалпы, республикада наурыздан бері індетке шалдыққандар саны 137 мыңнан асады.

Жаңалықтар
0