Елорда тынысы

Астана тұрғыны енесімен жанжалдасқаны үшін қамауға алынды

© AFP 2024 / MARIA ANTONOVAАрхивное фото силуэта женщины на фоне окна
Архивное фото силуэта женщины на фоне окна - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Маскүнем күйеу бала енесімен бірнеше рет жанжалдасқаннан кейін арнайы қабылдау абақтысына үш күнге жабылды

НҰР-СҰЛТАН, 8 желтоқсан – Sputnik. Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелінің анасымен жанжалдасуын қоймағаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

65 жастағы әйел полицияға 41 жастағы күйеу баласы жанжал шығаратынын айтып, бірнеше рет шағымданған.

Сот ер адамды туысымен үш рет татуласуға мәжбүрлеген, бірақ одан нәтиже шықпаған.

Айта кетейік, ер адам ішімдікке тойып алып, енесіне психологиялық жәбір көрсетуін жалғастыра берген.

Оқи отырыңыз: "Сотқа жібереді": отбасында жанжал шығаратындар қалай жазаланады 

Кезекті жанжалдан кейін учаскелік полиция инспекторы жанжалқойға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабы, 2-бөлігі (Сот актісін орындамау) бойынша әкімшілік іс қозғады. Мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам үш тәулікке қамауға алынып, арнайы қабылдау абақтысына жабылды.

Жаңалықтар
0