Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 10 адам қайтыс болды

© Sputnik / Тимур БатыршинНовую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице
Новую быстровозводимую модульную больницу для зараженных коронавирусом пациентов открыли в южной столице - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір коронавирус инфекциясынан 14 210 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 1 001 бала бар. 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланған

АЛМАТЫ, 8 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан он адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Коронавирус инфекциясынан сегіз адам, коронавирус белгілері бар пневмониядан екі адам қайтыс болды.

Қазір коронавирус инфекциясынан 14 210 адам ем қабылдап жатыр, оның ішінде 1 001 бала бар.

Стационарларда 3 803 науқас жатыр. 10 427 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 246 адамның жағдайы ауыр, ішінде 31 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 36 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус індетін жұқтырғандардың саны азайып келеді 

Ал өткен тәулікте 670 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 18 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталған уақыттан бері 137 653 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 096 адам қайтыс болды.

1 тамыздан бастап 43 124 адам пневмонияға шалдықты, 456 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0