Қоғам

Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан тоғыз адам қайтыс болды

© REUTERS / BENOIT TESSIERВрач в защитной маске стоит, опираясь на стену, в больнице с коронавирусом
Врач в защитной маске стоит, опираясь на стену, в больнице с коронавирусом  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазір коронавирус инфекциясынан 14 096 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 1 010 бала бар. 39 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр

АЛМАТЫ, 7 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустан тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Қазір коронавирус инфекциясынан 14 096 адам ем қабылдап жатыр, оның арасында 1 010 бала бар.

Стационарларда 3 687 науқас жатыр. 10 409 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 241 адамның жағдайы ауыр, ішінде 39 науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 33 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Өткен тәулікте қанша қазақстандықтан коронавирус табылғаны белгілі болды 

Сонымен қатар бір тәулікте 712 адам инфекция жұқтырды, 33 адам пневмонияға шалдықты.

Пандемия басталғалы 136 983 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, 2 088 адам қайтыс болды.

Бірінші тамыздан бастап 43 106 адам пневмонияға шалдықты, 454 адам қайтыс болды.

Жаңалықтар
0